«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жариялайды

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерін  сайлау жөніндегі конкурс жариялайды

453

08 Желтоқсан 2021

Құрметті азаматтар 

мен коммерциялық емес ұйым өкілдері!

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2015 ж. 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) және Қоғамдық кеңес туралы Ережеге (2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 828 қаулысымен бекітілген) сәйкес Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелерін іріктеуге арналған конкуср жариялайды. 

Конкусрты өткізу мерзімі: хабарландыру жарияланған күннінен бастап 10 жұмыс күні.  

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне 10 адам сайланады, оның 3 Қордың өкілдері7- азаматтық қоғам өкілдері

Конкурсқа қатысуға ниет танытқан азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өілдері хабарландыру жарияланған соң 10 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарынтапсыруға тиіс: 

1) Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша хаты және (немесе) осы туралы жеке азаматтың өтініші;

2) үміткердің өмірбаяндық деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталмағанын немесе, сотталғанын растайтын анықтама;

4) ҚР Бас прокуратурасы «Құқықтық статистика және арнайы есептер Комитетінің Басқармасы» ММ-нен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасамағанын растайтын анықтама; 

5) психикалық ауытқушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарының (ауруларының), соның ішінде психобелсенді заттарды қабылдауға байланысты науқастығы бар не жоғын айғақтайтын анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 

7) үміткердің түйіндемесі;

8) білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттарының, лицензиялары және/немесе патенттері, куәліктері мен серитификаттарының (бар болған жағдайда)  нотарисупен куәләндырылған көшірмесі.

Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы ұсынылуы мүмкін. Ол Заңның 10-шы бабының 1-ші тармағында көрсетілген талаптарға және келесідей талаптарға сай болуы шарт: 

1) еңбек өтілі – 10 (он) жылдан кем емес, соның ішінде 5 (бес) жыл басшылық лауазымдарда; 

2) жоғары білімі бар болуы және (немесе) Қор және (немесе) Қордық ұлттық компаниялары қызметінің салалары мен бағыттары бойынша халықаралық сертификаттары қажет; 

3) Қор және (немесе) Қордық ұлттық компаниялары қызметінің салалары мен бағыттары бойынша және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық саласында жұмыс тәжірибесі болуы шарт;

4) тікелей немесе ықтимал мүдделер қайшылығы болмауы тиіс (үміткердің жеке мүдделері мен Қордың Қоғамдық кеңес мүшесінің уәкілеттілігі аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқармауы және (немесе) толық атқара алмауына әкеліп соғуы ықтимал қайшылықтар). Осыған орай келесі сауалнаманы толтыруларыңызды сұраймыз.

Коммерциялық емес ұйым атынан Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне тек бір өкіл сайлануы мүмкін. 

Бір адам/тұлға Қордың Қоғамдық кеңесіне 2 (екі) мерзім қатарынан артық сайлана алмайды. 

Құжаттар 2021 жылдың 24 жетоқсанына дейін (қоса алғанда) қабылданады. Оларды Нұр-Сұлтан қ-сы, «Есіл» ауданы, Сығанақ к-сі, 17/10 үйге қолма-қол немесе q-kenes@sk.kz электрондық поштасына жіберуге болады.