AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибесін зерттеуде
34
02 Қараша 2026
«Самұрық-Қазына» қорында Әзербайжанның AZCON мемлекеттік холдингінің өкілдеріне арналған воркшоп өтті.

«Самұрық-Қазына» мамандары әзербайжандық әріптестеріне қор тобы қолданатын нақты тәсілдер мен құралдарды таныстырып, ірі әрі әртараптандырылған активтер портфелін басқару бойынша жинақталған тәжірибесімен бөлісті. Қордың басқарушы директоры Салтанат Сәтжан «Самұрық-Қазынаның» жұмыс істеген жылдар ішінде активтерді басқару, корпоративтік басқару, инвестициялық қызмет, адами капиталды дамыту және басқа да бағыттар бойынша мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.
«AZCON ұйымындағы әріптестермен осы тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі болғанына қуаныштымыз. Біз үшін білім алмасудың тек теориялық емес, ең алдымен тәжірибелік сипатта болуы маңызды. Сондықтан воркшоп аясында күнделікті жұмысымызда қолданылатын нақты тәсілдер мен құралдарды қарастырамыз», – деді ол.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» 96 млрд доллардан астам активтерді басқарады және әлемдік тәуелсіз әл-ауқат қорлары рейтингінде 21-орында тұр.
AZCON Holding (Әзербайжанның көлік-коммуникация холдингі) – жария құқық негізіндегі мемлекеттік заңды тұлға. Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2024 жылы 7 қарашадағы жарлығымен құрылған. Холдинг көлік және коммуникация салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық қоғамдарды басқарады. AZCON Holding халықаралық әріптестікті белсенді дамытып, Транскаспий бағытын жаңғыртуда Әзербайжанның негізгі операторы ретінде әрекет етеді.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов AZCON Holding басшылығымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті