Қор туралы

«Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Қор Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.

Қор тарихы

0{{index+1}}

{{ $t('messages.history1') }}

0{{index+1}}

«Самұрық-Қазына» АҚ даму стратегиясы

«Самұрық-Қазына» АҚ қорының миссиясы

Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету.

«Самұрық-Қазына» АҚ –ның 2028 жылға дейінгі даму стратегиясын 2018 жылы Қорды басқару жөніндегі Кеңесі және Жалғыз акционер мақұлдады.

Қордың стратегиялық мақсаттары

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қор мемлекеттік бастамалар мен бағдарламаларды Орындаушы рөлінен инвестициялық компанияның рөліне ауысуға ниетті. Бұл мақсат ағымдағы портфельдік компаниялардың қызметін басқарумен қатар, инвестициялардан түсетін кірістерді қамтамасыз ететін Қордың инвестициялар портфелін белсенді басқаруды және жетекші егеменді әл-ауқат қорлары деңгейінде дамытушы қоржынды көздейді.

Қор жекешелендіру бағдарламасын, қаражат пен дивидендтерді дивестициялау мен қайта инвестициялау бағдарламасын, Қазақстанда және одан тыс жерлерде жаңа инвестицияларды іске асыру арқылы өз қоржысының сапасын белсенді басқаруды және жақсартуды жалғастыруға ниетті.