Үндеу

Қор тобының компаниялары ұлттық экономиканың маңызды бөлігі. Демек, бізге аса зор жауапкершілік жүктеледі. Қордың Директорлар кеңесі мен Басқармасы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы саясатын ұстанады. Бұл салада Қор көш бастап келеді және компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында біршама жаңа құралдар әзірледі: Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бекітілді, Комплаенс-қызметтері құрылды, орталықтандырылған жедел желі жұмыс істейді. Оған азаматтар құпия түрде жемқорлық пен парақорлық фактілері бойынша ақпаратты жеткізе алады.
Қордың беделі әрбір қызметкеріне байланысты. Біздің міндетіміз - контрагент, мемлекеттік органдар мен өз арамыздағы қарым-қатынаста сыбайластыққа жол бермей, әдептіліктің жоғары стандарттарын көрсете білу. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты, немесе Әдеп кодексін бұзуға қатысты деректер сізге белгілі болса, Компланес-қызметіне хабарласуыңызды сұраймын. Оның мамандары барлық бағыт бойынша қажетті түсініктеме бере алады.
Алмасадам Сатқалиев, Басқарма төрағасы

Комплаенс

Табысты компаниялардың қызметі сенімге негізделген. Компанияның адал әрі ашық бизнес жүргізуі – инвесторлар үшін маңызды. Сол себепті «Самұрық-Қазына» АҚ өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік комплаенс тәжірибелеріне сәйкес жүргізеді.
Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комплаенс қызметі туралы ережеге сәйкес, комплаенс қызметі тікелей «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.
Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуын бақылау.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін әшкерелеу және бағалау болып табылады. Қор сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қолайлы жағдай тудыруы мүмкін процестерді айқындау үшін үнемі сараптама жүргізіп отырады. 2021 жылғы сәуір-мамыр айларында жүргізілген Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау іс-шаралары әзірленді.
Комплаенс
(ағыл.) «сәйкес».
Бұл функция компанияның ішкі үрдістердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін бақылайды. Бұл, бірінші кезекте, әлемдік тәжірибеге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты.

«Самрук-Қазына» АҚ Әдеп кодексі

Қордың Әдеп кодексі ескірген Іскерлік әдебінің кодексін ауыстырады. Әдеп кодексі ауқымды құжат болып табылады және этикалық нормалардан басқа, оған әдеп стандарттары мен қызметкерлердің міндеттері, сұрақтар мен жауаптар, түсініктемелер кіреді.
Құжат комплаенс-тәуекелдерді ішкі бағалау негізінде және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) парақорлық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қағидаттарына сәйкес әзірленген және тәуекелділікке бағытталған.

Скачать

{{$i18n.locale=='kk'?'1':'117'}} Кб

Кодекс поведения АО «Самрук-Қазына»

Қордың негізін құраушы құндылықтар

Меритократия
· Біз лайықты кәсіби мамандарды таңдаймыз.
· Біз әрбір қызметкерге лауазымына қарамастан пікір айтуға мүмкіндік береміз.
· Біз нәтижелі көрсеткіш үшін марапаттаймыз.
Кемелдік
· Біз озық тәжірибе мен технологияларды қолдана отырып, жоғары сапа бойынша ұтымды жұмыс істейміз.
· Біз қосымша құн құрастұру үшін әрекет ете отырып, жауапкершілікті өзімізге аламыз.
· Біз қызығушылық танытып, үздіксіз оқып-үйренеміз және Қорды дамытып отырамыз.
Сыйластық
· Біз өзімізді қоршағанның барлығына күтіммен қараймыз.
· Біз сенім мен құрмет қағидаттары негізінде жұмыс істейміз.
· Біз заңдарды сақтап және дәстүрлерді құрметтейміз.
Тұтастық
· Біз өзімізге жүктелегн міндеттемелерді орындаймыз.
· Біз өз айтқанымызды орындаймыз.
· Біз әрқашан әділ және адалмыз.
Команда
· Біз командада жұмыс жасаймыз және командаға сенеміз.
· Біз команданың мүдделерін жеке мүддемізден жоғары қоямыз.
· Біз мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді және сенімді қарым-қатынас орнатамыз.

Жедел байланыс желісі

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Компания) адал ниеттілік, ашықтық және адалдық принциптерін ұстанатын корпоративті мәдениетті сақтауға ерекше көніл бөледі.

Оңды имиджді одан әрі сақтау мақсатында, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының қызметіне қатысты заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтарды уақытылы анықтау және алдын-ала болдыртпау, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді анықтау мақсатында Компания жедел байланыс желісінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Жедел желі тәуелсіз оператор, KPMG компаниясымен қызмет көрсетіледі және келесі қағидаттар бойынша жұмыс істейді:

Сізге тәртіп ережелерінің кез-келген бұзушылықтары, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлауыңызға болады

Біз кепілдік береміз

құпиялылық және анонимдік (өтініш берушінің талабы бойынша); және

компанияның жауапты тұлғаларына кейіннен ұсына отырып, хабарламаларды 100% тіркеу және өңдеу.