Нұрлан Жақыпов AZCON Holding басшылығымен кездесті
34
02 Қараша 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әзербайжанның AZCON мемлекеттік холдингінің басшылығымен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ көлік-логистика және теңіз салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік-логистика ынтымақтастығын дамытуға бағытталған екі құжатқа қол қойылды.
Бірінші құжат «Самұрық-Қазына» АҚ мен AZCON Holding арасындағы «Каспий көпірі» атты жаңа транскаспийлік паром жүйесін құру жөніндегі ынтымақтастықты көздейді. Келісімде жобаны дайындау және іске асыру бойынша тараптардың бірлескен жұмысының негізгі қағидалары мен бағыттары айқындалған.
Екінші құжат – «Қазақстан темір жолы» АҚ мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ арасындағы интермодальды жүк терминалын және бірлескен кәсіпорын құрудың негізгі шарттары бойынша ниеттестік туралы келісім (Term Sheet). Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) басымдықпен контейнерлік және басқа да жүк тасымалдарын дамытуға бағытталған.

{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
{{ $t('messages.news1') }}
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті