«Самұрық-Қазына» қорында KEGOC-тың директорлар кеңесінің отырысы өтті
31
27 Қазан 2026
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.
Жиында компанияның қаржылық нәтижелері, стратегиялық инвестициялық жобалардың іске асырылуы және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша KEGOC-тың қаржылық нәтижелері тұрақты болды. Таза пайда - 84,3 млрд теңге.

Директорлар кеңесі екі стратегиялық жобаның іске асырылуына ерекше назар аударды. Олар: Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергетика жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жобалары. Екі жоба да белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асырылып жатыр. Оларды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Аталған бастамалар электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Отырыста цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту мәселесі де жеке қаралды. KEGOC энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру, болжау сапасын жақсарту және өндірістік процестерді оңтайландыру үшін заманауи технологияларды енгізуде. Сонымен қатар, ішкі процестерді автоматтандыру және қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіліп жатыр.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марап...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың CNPC мұнай-газ корпор...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Citi компаниясының Таяу Шығыс ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...