«Самұрық-Қазына» қоры Елбасы үндеуін қолдайды
547
19 Наурыз 2020
«Самұрық-Қазына» қоры министрліктердің қызметкерлері үшін алты миллион медициналық бетперде сатып алады. Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің әрқайсысына екі миллион маскадан беріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі жанындағы дағдарысқа қарсы штаб отырысында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қор басшысы «Samruk Kazyna Construction» АҚ бойынша жалға берілетін тұрғын және коммерциялық мүлікті жалға алу төлемақысы ешбір айыппұлсыз 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілгенін хабарлады. Бұл 2,3 млрд теңге және 37 мыңнан астам адам туралы сөз қозғалып отыр.
«Бұл шағын бизнес үшін күрделі кезеңінде жақсы қолдау болады», - деді А. Есімов.
Сондай-ақ, ол Қордың қызметкерлері бір күндік жалақысын Елбасының бастамасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы қорға аударатынын хабарлады.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...