«ҚазМұнайГаз» Қазақстанда бірінші болып зиянды шығарындылардың орнын толтыру үшін «жасыл» сертификаттар сатып алды
2455
25 Қараша 2022
«ҚазМұнайГаз» тұтынылатын электр энергиясының жанама шығарындыларын азайту үшін I-REC (International Renewable Energy Certificate) халықаралық жаңартылатын энергия сертификаттарын сатып алды. Компания өз жұмысынан шығарындылардың орнын толтыру үшін Қазақстанда таза электр энергиясын өндіруді қаржыландырды.
Өтелген сертификаттардың көлемі - 8,5 млн кВт*сағ. Бұл ҚМГ корпоративтік орталығының 2022 жылы электр энергиясын тұтынуда күтілетін мөлшеріне сәйкес келеді. I-REC сертификаттары жаңартылатын электр энергиясын өндіру фактісін растайды. Олар әлемнің 51 елінде саудаланады, халықаралық стандарттар бойынша шығарылып, жаһандық ұйымдар мойындайды.
ҚазМұнайГаз Қазақстан өңірлерінің бірінде күн электр станциясының жұмысы үшін сертификаттар сатып алды. Бұл біздің еліміздегі осындай алғашқы тәжірибе. Жаңартылатын энергияны сертификаттаудың халықаралық платформасы Қазақстанда 2022 жылы жұмысын бастады. I-REC сертификаттарының эмитенті ретінде ECOJER қауымдастығы таңдалды.
Сертификаттарды сатып ала отырып, ҚазМұнайГаз тұрақты даму мен ESG қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Толығырақ мәліметті мына сілтемеден қараңыз
https://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=872
Анықтама үшін:
The International REC Foundation (I-REC Standard) ұйымы – жасыл атрибуттарды бақылау үшін сенімді халықаралық стандартты ұсынатын коммерциялық емес ұйым. I-REC стандарты Парниктік газдар хаттамасы Greenhouse Gas Protocol немесе GHGP), Carbon Disclosure Project (CDP) және RE100 сияқты негізгі есептілік жүйелері арқылы сенімді және тексерілетін бақылау құралдарының негізі ретінде танылады. Тиісінше, I-REC сертификаттары осы стандарт негізінде шығарылады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының т...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...