«Самұрық-Қазына» тобының басшы лауазымдарының үштен бірін әйелдер атқарады
671
30 Қыркүйек 2022
«Самұрық-Қазына» қоры Қор тобы компанияларының басшылығындағы әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі «Гендерлік теңдік» бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.
2023 жылдың желтоқсанына қарай «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы бойынша басқармалардағы, директорлар кеңестеріндегі және байқау кеңестеріндегі әйелдердің орташа үлесі 20%-ға, 2030 жылға қарай – 30%-ға жетуі тиіс. Бұл жоспарлар гендерлік теңдіктің әлемдік трендіне толығымен сәйкес келеді.
Олар ESG халықаралық қағидаттарына да жауап береді, мұндағы G - governance, яғни корпоративтік басқару. «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары басшылығындағы әйелдердің жоғары үлесі олардың ESG-көрсеткіштерін, демек, халықаралық инвесторларға тартымдылығын арттырады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, директорлар кеңестеріндегі гендерлік әртүрлілік компаниялардың кірістілігін арттырады.
Жұма күні онлайн-семинарда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, сондай-ақ Қордың адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Эльмира Кәрімова «Гендерлік теңдік» бағдарламасын таныстырды. Кездесудің құрметті қонағы Қазақстанның «Әйелдер күштері альянсының» басшысы Раушан Сәрсенбаева болды. Онлайн семинарға 150-ге жуық тыңдаушы жиналды.
Эльмира Кәрімова басқарушылық өтілі 5 жылдан асқан «Самұрық-Қазына» қоры тобының барлық әйел-басқарушыларын қазан-сәуір айларында өтетін болашақ топ-менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысуға шақырды. Ол үшін олар 5 қазанға дейін қатысатыны жайлы shakhzadin@skcu.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуі керек. Қатысушылар жауап хатта жіберілетін өтінімді толтыруы, сондай-ақ 10 қазанға дейін «ХХІ ғасырдағы әйел тиімді басқарушы бола ала ма?» атты тақырыпта қазақ немесе орыс тілдерінде мотивациялық эсса жазуы керек.
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...