Есеп комитеті мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
849
13 Шілде 2022
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годуновамен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің кездесуіөтіп, оның қорытындысы бойынша Самұрық- Қазынаның портфельдік компаниясына алғашқы пилоттық электрондық аудит жүргізу туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында Наталья Годунова мемлекеттік аудитті цифрландыру мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларды қамтыған трансформациялаудың ауқымды процесінің бір бөлігі екенін атап өтті. Бюджеттік процестерді және квазимемлекеттік сектор қызметін цифрландыру жағдайында электрондық аудитті кезең-кезеңімен енгізу маңызды рөл атқарады.
Өз кезегінде Алмасадам Сәтқалиев мемлекеттік аудиттің маңыздылығын, соның ішінде бюджет пен Ұлттық қор қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыру мақсатындағы маңыздылығын атап өтті.
«Қордың портфельдік компанияларының бірінде жүзеге асырылатын «электрондық аудит» пилоттық жобасы цифрлық болашаққа жасалған өте маңызды қадам деп есептейміз», - деді ол.
Электрондық аудит, Есеп комитетінің пікірінше, аудит объектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені, ақпаратты жинау мен беруге кететін уақыт пен ақша шығынын азайтып, адами факторды барынша азайтуға, аудиторлық рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Есеп комитетінің ақпараттық жүйесі мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілгенін еске саламыз.
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниясына пилоттық аудитті 2023 жылы жүргізу жоспарланып отыр.
Есеп комитеті Қазақстан Республикасының ірі холдингінде электрондық аудит жүргізу оның басқа мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда дамуына, мемлекеттік активтерді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдіреді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...