«Самұрық-Қазына» АҚ мен Chimcomplex SA Borzeşti компаниясының басшылары Қазақстанда химия саласын дамыту мәселелерін талқылады
1415
24 Мамыр 2022
Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Chimcomplex SA Borzeşti румыниялық химия компаниясының президенті Штефан Вузамен кездесті.
Тараптар отандық мұнай-газ және тау-кен өндіру секторларының химиялық заттарға деген қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстанда химия саласын дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Румыниялық компания бірлескен өндірістер құруға қызығушылық танытты.
Chimcomplex SA Borzeşti компаниясы 1954 жылы құрылған және қазіргі уақытта Румыниядағы ең ірі химиялық заттарды өндіруші болып табылады. Компанияның өнімдері автомобильдер, жиһаз, қаптама және құрылыс материалдары өндірісінде қолданылады.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов AZCON Holding басшылығымен кездесті