«Самұрық-Қазына» басшылары Air Liquide француз компаниясының басшылығымен кездесті
1180
19 Мамыр 2022
Бүгін Қорда Air Liquide француз компаниясының вице-президенті Филипп Кристодулумен кездесу болды. Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Ернат Бердіғұлов пен Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор Ернар Жанәділ француз әріптестермен «Самұрық-Қазына» компаниялар тобымен өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын және қазіргі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Ернат Бердіғұлов Air Liquide компаниясы 2014 жылдан бері Қордың сенімді серіктесі болып табылатынын атап өтті. «Біз Air Liquide компаниясының мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және жемісті әріптестік қатынастарды қолдау үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз», - деді ол. Қазіргі уақытта француз компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, АМӨЗ және ПМХЗ негізінде техникалық газдар өндіру жобасын табысты іске асыруда.
Ернат Бердіғұлов Қордың ESG қағидаттарына сәйкестігін атап өтіп, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға және төмен көміртекті даму бағыты бойынша инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға, атап айтқанда, Қазақстанда көміртекті ұстау, сақтау және кәдеге жарату технологиялары және сутегі жобаларын іске асыруға дайын екендігін білдірді.
{{ $t('messages.news1') }}
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру турал...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов DFC компаниясының бас директор...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...