Қазақстандық делегация Түркиядағы атом электр станциясының құрылысымен танысты

Қазақстандық делегация Түркиядағы атом электр станциясының құрылысымен танысты

1041

13 Мамыр 2022

Түркиядағы алғашқы атом электр станциясы «Аққую» деп аталады. Ол Жерорта теңізінің жағалауындағы Мерсин провинциясында салынып жатыр. Қазақстан делегациясының құрамында Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «Самұрық - Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев  осы  ірі энергетикалық құрылыс алаңында болды. 

0Q4A7697.jpg

Түрік мегажобасы ресейлік технология бойынша жүзеге асырылуда. «Аққую» АЭС құрылысы 2010 жылдың мамыр айында басталған. Жобаның  жалпы қуаты 4800 МВт болатын 3+ бу қысымды су энергетикалық реакторларымен (VVER-1200) жабдықталған төрт энергоблоктың құрылысын салу белгіленген. Атом электр станциясы іске қосылғаннан кейін жылына шамамен 35 млрд кВт/сағ энергия өндіреді деп жоспарлануда.

DJI_0126.jpg

Түркиядағы «Аққую» АЭС құрылысының жобасы BOO (Build – Own – Operate = Сал – Еге бол – Іске асыр) моделі бойынша жүзеге асырылған әлемдегі алғашқы атом электр станциясы. Ұзақ мерзімді келісім-шарт аясында «AKKUYU NUCLEAR» АҚ жобалық компаниясы зауытты жобалау, салу, жөндеу, пайдалану және пайдаланудан шығару жауапкершілігін өз мойнына алды. Барлық шығындарын арнайы жобалық компания өтейтін бұл жобаның жалпы құны 20 миллиард АҚШ доллары шамасында. Алып құрылысты салу барысындағы  түрік өнеркәсібіне тапсырыстардың жалпы көлемі 6,5 млрд долларды құрайды, бұл құрылысқа және экономиканың ілеспе салаларына ауқымды инвестиция екені анық.

Казахстанская делегация ознакомилась с ходом строительства АЭС в Турции

Қазір атом электр стансасының алаңы алып құрылыс және өндіріс орнына айналған. Бұл жерде қажетті құрылыс материалдарын өндіретін, ірі бөлшектерді дәнекерлейтін цехтар мен кәсіпорындар орналасқан. Ірі көлемді жүктерді жеткізу үшін үлкен-кіші кемелерді қабылдайтын порт та бар.  Жобаның құрылысын салуға 20 мың адам қамтылған, оның 80 пайызы түрік азаматтары. АЭС пайдалануға берілгенде  4 мыңға жуық адам тұрақты қызметке алынады. Онда жұмыс істейтін жас түрік инженерлері Ресейде атом энергетикасы бойынша жоғары білім алуда.

703A9830.jpg

«Аққую» АЭС-ның төрт энергоблогына арналған ұзақ мерзімді өндірістік жабдықтардың көпшілігі, соның ішінде реакторлар, бу генераторлары, негізгі айналым сорғылары «Росатом» АҚ машина жасау бөлімшесінің құрамына кіретін ресейлік кәсіпорындарда шығарылады. Сондай-ақ, әлемдік өндірушілердің өнімдері пайдаланылады. Түрік өндірушілері тиісті сертификаттары болған жағдайда, желдету және жылу алмасу жабдықтарын, сорғыларды, қысымды ыдыстарды жеткізуді қамтамасыз етеді. Алып құрылысқа қадағалауды тәуелсіз халықаралық компания жүзеге асыруда.

DJI_0018.jpg

Соңғы буын 3+ атом электр станциялары қауіпсіздік шараларының жоғарлығымен ерекшеленеді. Атом электр станциясы барлық ықтимал әсерлерді ескере отырып салынуда: өрттердің, теракттердің және табиғи апаттардың қаупі есептелген. Станцияның энергоблоктарына ұшақтар  құлаған жағдайда да сыртқы қорғанысы төтеп бере алады.