«Самұрық-Қазына» тобының кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

«Самұрық-Қазына» тобының кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

1071

12 Қаңтар 2022

"Самұрық-Қазына" тобының барлық компаниялары өз жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырып келеді.  Электрэнергетика, мұнайгаз, тау-кен кешенінің кәсіпорындары өндірістік процестерін тоқтатқан емес және әдеттегі  тәртіпте жүргізіп отыр. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай мезгілінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлық шаралар жүзеге асырылды.  

Атап айтсақ, Алматы қаласында "Самұрық-Энерго" АҚ энергокешені нысандары тұтынушылардың барлығын дерлік тұрақты түрде және белгіленген көлемдерге сай толықтай жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Жылу маусымына қажетті отын қоры жеткілікті. Қазақстанның Ұлттық Электр Желісінің жұмысы қалыпты жағдайда жалғасып келеді, деп хабарлайды " KEGOC" АҚ.  

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тиесілі мұнайгаз өндіруші, өңдеуші, қызмет көрсетуші кәсіпорындары және "QazaqGaz" ҰК" АҚ қарасты мұнайгаз тасымалдау жүйесінің нысандары қалыпты жағдайда өз жұмысын іске асырып отыр. 

 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ барлық өндірістік нысандардың тұрақты жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Компанияда дайын өнімді және химиялық реагенттерді қауіпсіздік мақсатында қараңғы түскен мезгілде тасымалдауға қатаң тыйым салынған. Өрт қауіпсіздігін күшейту шаралары қолға алынды.  Оқыс оқиға мен тәртіп бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.  

Темір жолмен жолаушы және жүк тасымалдау Қазақстан аумағында қазір толық көлемде және тұрақты жүзеге асырылып келеді. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, жүк таситын, соның ішінде транзиттік пойыздар бекітілген кестемен жүреді, жолаушылар тасымалы да бұрыңғы қалпында іске асырылып келеді.   

"Қазақтелеком" АҚ қалыпты жағдайда қызмет көрсетіп отыр. Компанияның Алматы, Ақтау және басқа да бірқатар қалалардағы кеңселеріне келтірілген зақым дереу жөнделіп жатыр. 2022 жылдың 11 қаңтарында "Қазпошта" АҚ барлық бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды. Олар бекітілген кесте бойынша сағат 9:00-дан 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Тек Алматы қаласындағы бірқатар пошта бөлімшелері уақытша жабық.