ЖИ мұнай-газ саласының жұмысын қалай өзгертуде
58
18 Қыркүйек 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» компаниясына барып, іске асырылып жатқан цифрлық шешімдермен және жасанды интеллектіні қолдануға негізделген жобалармен танысты.
ҚМГ өндірістік тізбектің түрлі кезеңдерінде неғұрлым дәл әрі жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін шешімдерді таныстырды.

Олардың қатарында мұнай өндіруді модельдеу, бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу және инфрақұрылымға мониторинг жүргізу құралдарын біріктіретін «ABAI» ақпараттық жүйесі бар.
KMG.AIAN жасанды интеллект платформасы өндіріс, қорлар, жеткізілімдер және мұнай өнімдерін өткізу туралы деректерді талдап, отынның ықтимал тапшылығын немесе артылуын болжауға көмектеседі.

Тағы бір шешім – KMG GeoAI атты геологтың жасанды интеллект негізіндегі көмекшісі. Ол көлемі 7 ТБ болатын және 2 млн-нан астам құжатты қамтитын корпоративтік геологиялық-геофизикалық деректер ауқымымен жұмыс істейді. Жүйе қажетті ақпаратты жылдам тауып, талдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте соңғы шешімді арнайы маман қабылдайды.
«Жасанды интеллект технологиялары жекелеген цифрлық шешімдер ретінде қалып қоймай, өндіріс тиімділігін арттыратын құралға айналуы маңызды. Мұндай технологияларды енгізудегі негізгі талап - нақты нәтиже мен қолданыс ауқымын кеңейту мүмкіндігі», – деді Нұрлан Жақыпов.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қаржыландыруымен Түркия провинциясында салынған мекте...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы кореялық серіктестермен шамамен 11 млрд долларлы...
{{ $t('messages.news1') }}
Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің XIV отырысы ашылды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Корея геоғылымдар және минерал...