Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
41
17 Қараша 2026
Ауқымды инфрақұрылымдық жоба елдің оңтүстік өңірлеріндегі энергия тапшылығын азайтуға және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрылыс алаңында 2 455 маман жұмыс істейді (күндіз – 2 281, түнде – 174), 184 техника жұмылдырылған. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Орындалған негізгі жұмыстар:
* жоба бойынша жалпы прогресс – 81,7%;
* сыртқы электр желілері (112 км): жалпы прогресс – 95,4%;
* сыртқы газбен жабдықтау желісі (13,6 км): жалпы прогресс – 99,9%;
* сумен жабдықтау жүйесі: жалпы прогресс – 97,5%;
* кірме автожол (3,1 км): пайдалануға берілді;
* негізгі алаңдағы құрылыс-монтаж жұмыстары – 60,1%;
* кабель желілері: 537,1 км тартылды, яғни 41,1%;
* су құбыры және кәріз желілері: 30,8 км-дің 12,3 км-і тартылды – 40%;
* газ құбыры желілері: 1,66 км-дің 1,65 км-і тартылды – 99,4%.
Жоба қордың қатаң бақылауында. Оның іске асырылуы еліміздің оңтүстік өңірін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.

{{ $t('messages.news1') }}
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...