«Самұрық-Қазына» тобы кореялық серіктестермен шамамен 11 млрд долларлық келісімдерге қол қойды

«Самұрық-Қазына» тобы кореялық серіктестермен шамамен 11 млрд долларлық келісімдерге қол қойды

66

15 Қыркүйек 2026

Мемлекет басшысының Hyundai өкілдерімен кездесуінде «Қарашығанақ» кен орнының шикізаты негізінде жылына 5 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт салу жобасын іске асыру туралы келісімге «QazaqGaz» АҚ мен Hyundai Engineering компаниясы қол қойды.

щлщлзхни.jpg

«Қазақстан – Корея» іскерлік дөңгелек үстелі барысында Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің тең төрағаларының қатысуымен қол қойылған құжаттар:

▪️ «Павлодар мұнай-химия зауыты өндірісін жылына 9 млн тоннаға дейін кеңейту» жобасы бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ мен Samsung E&A арасындағы келісім;

▪️ Түркістан облысында қуаты 1 000 МВт болатын бу-газ қондырғысы негізінде электр станциясын салу жобасы бойынша «Түркістан БГҚ» ЖШС мен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында Doosan Enerbility компаниясының қатысуымен кредит желісін ашу туралы келісім;

▪️ «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Огневский ГОК» ЖШС және Корея геологиялық ғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) арасындағы бірлескен зерттеулер туралы негіздемелік келісім. Құжат Бакен литий кен орнында оның әлеуетін растау және одан әрі игеру мақсатында бірлескен бұрғылау жұмыстарын жүргізуді көздейді;

▪️ «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен POSCO Holdings арасындағы сирек жер элементтерін өңдеу саласындағы стратегиялық техникалық ынтымақтастық туралы меморандум. Тараптар сирек жер металдарын өңдеу, бөлу және тазарту технологиялары, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнім өндіру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

длщлени.jpg

Жалпы, қор тобы қол қойған келісімдердің жалпы сомасы шамамен 11 млрд долларға жетті. Ал Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі аясында жалпы сомасы шамамен 19 млрд долларды құрайтын 80-ге жуық келісімге қол қойылды.

длщжлщи.jpg