«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының шешімі
1462
08 Желтоқсан 2021
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын іске асыру мақсатында, 2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 828 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі жөніндегі Ережесіне сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның құрамына келесілер енді:
1) Өмірзақов Елдос Өмірзақұлы – «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы» ЖМ бас директоры;
2) Әбілдаев Алмаз Сызғанбекұлы – қоғам қайраткері, энергетика саласындағы сарапшы;
3) Мұхамедсәлиев Марат Охапұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы келесі шешім қабылдады:
1) «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі мүшелерінің санын 10 (он) адам болсын деп белгілеу туралы.
2) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды «Самұрық-Қазына» АҚ ресми сайтында 2021 ж. 8 желтоқсанында орналастыру туралы.
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna»: спорт ...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуге жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әз...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуде қазақстандық делегация Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік ми...