«Самұрық-Қазына» Қоры HSE басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жобасының екінші кезеңін аяқтады

«Самұрық-Қазына» Қоры HSE басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жобасының екінші кезеңін аяқтады

252

02 Желтоқсан 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың портфельдік компанияларындағы HSE (Health, Safety, Environment) басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін аяқтады. Жоба барлығы 4 кезеңнен тұрады.

Жоба портфельдік компаниялар мен Қордың біріктірілген басқару жүйелерінің (ББЖ) қазіргі жағдайын бағалауға, оларды жақсарту үшін мүмкіндіктерді анықтап, соның салдарынан HSE саласындағы басқару сапасын арттыруға бағытталған.

Нәтижесінде HSE стандарттарын барынша біріздендіру, жетіспейтін процестерді әзірлеу және қолданыстағы құралдарды жақсарту күтіліп отыр, бұл өндірісте болатын жарақаттану мен оқиғаларды азайтуға жол ашылады.

Қор алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сай келетін HSE-нің 14 талабын ұстанатынын жариялады. Жобаның келесі кезеңдері еншілес компанияларды басқару жүйелерінің элементтерін осы талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

Бүгінгі таңда құзырет стандарттарын белгілеу, Қор тобының ірі компаниялары ұсынатын ішкі сарапшыларды таңдау және оқыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды – 59 сарапшы менеджмент жүйелеріне аудит жүргізу саласында оқудан және білімін тексеруден ойдағыдай өтті, олардың әрқайсысы жобаның мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқаратын болады.

Келесі кезеңдерде ішкі сарапшылар басқару жүйелеріне тоғыспалы аудит жүргізетін болады, оларды жою үшін сәйкессіздіктерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар портфельдік компанияларға жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғап, әл-ауқатын арттыруда сәтті тәжірибелерімен бөлісуге көмектеседі.

Осы аудит нәтижелері Қордың қолдауының арқасында HSE саласындағы басқаруды үздіксіз жақсартудың ауқымды жол картасын жасау үшін пайдаланылады.