«Самұрық-Қазына» Қоры Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 «Самұрық-Қазына» Қоры Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

358

23 Қыркүйек 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі басшылығының кездесуінде талқыланған басты тақырыптар - энергетика саласында көмітек қалдықтарын азайту және баршаға қолжетімді кадр саясаты.   

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың стратегиялық маңызын атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін ерекше атап өтті. Кездесу аясында Қор мен ЕҚДБ өкілдері энергоауысу және көміртек бейтараптық мәселелерін талқылады. 

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еуропалық серіктестерге қазіргі таңда Қор тобында көміртектен арылу тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Онда бұл мәселені карбондық ізді бағалау әдістемесінен бастап, қаржыландыру мен технология тарту және қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған шараларды қамтып, кешенді түрде реттеу қарастырылады. 

«Самұрық-Қазына» Қоры климатты қорғау мәселесін ұлттық және халықаралық деңгейде толық қолдайды. Қазіргі таңда топтың портфельдік компаниялары бірқатар тың жобаларды жүзеге асыру бастамасын көтеріп отыр. 

ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо ханым атап өткеніндеі, «Қазақстан жаңартылатын қуат көздері саласында соңғы жылдары едәуір жетістікке қол жеткізді. Банк болса, жалпы құны 530 млн АҚШ долларына бағаланатын жобаларды қаржыландырып, бұл іске сүбелі үлес қосты. Банк бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырып, 2030 жылға дейін елімізде электрэнергиясын өндіруде жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15% дейін жеткізуге қолғабыс жасамақ». 

Кездесуде банк пен Қордың портфельдік компаниялары арасындағы іске асырылып жатқан жобалар да талқыланды. Бұдан бөлек, жекешелендіру және трансформациялау салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.