«Самұрық-Қазына» тобы Оман Сұлтанының Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойды

«Самұрық-Қазына» тобы Оман Сұлтанының Қазақстанға сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойды

66

06 Қазан 2026

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың Астанаға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Мемлекет басшысының қатысуымен қол қойылған құжаттар:

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісім жасасты. 2026 жылдың соңына дейін АХҚО-да тараптардың тең қатысуымен көлемі 150 млн доллар болатын бірлескен инвестициялық қор құру жоспарланып отыр. Қор негізінен Қазақстан мен Омандағы бірлескен жобаларға инвестиция салады.

Тағы бір құжатқа «ҚазМұнайГаз» АҚ мен OQ Exploration and Production New Ventures LLC қол қойды. Негіздемелік келісім Қазақстанда, Оманда және басқа да елдерде мұнай-газ саласындағы әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауға және бағалауға негіз болады.

Қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз болады.


Фото: Ақорда