Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шықты

Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шықты

62

03 Қазан 2026

Экологиялық науқанға топтың 20-дан астам компаниясының қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Қазына Өңдеу» және басқа да ұйым өкілдері бар.

Әріптестер Желілік саябақ аумағын бірлесіп жинап, қоғамдық орындарды тазалады. Сенбілік «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өтті.

asdи.jpg


2026 жылдың басынан бері топ компаниялары 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізген, оның ішінде 960 сенбілік бар. 

Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінуде: биыл 5 млн-нан астам ағаш отырғызылды, ал экологиялық акциялар басталғалы бері топ 11 млн-нан астам көшет еккен. 

sadasни.jpg

Сондай-ақ, сенбілік 20 қыркүйек пен 13 қазан аралығында «Самұрық-Қазына» тобында өтіп жатқан «Самұрықнама: 20 игі іс» акциясындағы іс-шаралардың бірі болды. 

Науқан қордың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр және ол әлеуметтік, экологиялық және қоғамға пайдалы бастамалар аясында қызметкерлерді біріктіреді.

asdwи.jpg