S&P "Самұрық-Қазына" АҚ рейтингітерін «BB+/B»-ден «BBB-/A-3»-ге дейін ұлғайтты, болжам – «тұрақты»
967
10 Қыркүйек 2021
S&P GlobalRatings рейтиінг агенттігі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақмерзімді және қысқамерзімді несие рейтиінгтерін "ВВ+/В"-ден "ВВВ-/А-3"-ге дейін ұлғайтты. Рейтиіг бойынша болжам - "тұрақты".
Сонымен қатар Қордың ұлттық жіктеу бойынша рейтингі "kzAA+"-тен "kzAAA"-ға дейін және басымдыққа ие кепілдендірілмеген ортамерзімдік облигациялар шығару рейтингі "ВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейін ұлғайтылды.
"Самұрық-Қазына" Қоры мемлекеттің ІЖӨ 40% жуықтайтын Қазақстандағы корпоративтік сектордың барлық стратегиялық активтерін (соның ішінде мұнайгаз саласын) басқарады деп көрсетілген агенттіктің хабарламасында.
S&P сарапшыларының пікірінше, Қор Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік міндеттерін орындаудағы негізгі тетігі. Және олар ортамерзімде мұндай жағдай өзгере қоймайды деп санайды.
"Бұған "Самұрық-Қазына" Қорының ел ішінде COVID-19 инфекциясының таралуымен күреске белсенді түрде араласуы, соның ішінде оның вакцина өндірушілерімен клиникалық сынақтар, өндіріс пен вакцинаны таратуға бағытталған істерге белсенді атсалысуы дәлел.
Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" Қорының рейтингтері бойынша "тұрақты" болжам, Қазақстан Республикасының егемен рейтингтері бойынша осы сияқты болжамымен сәкес келіп тұр.
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...