«Cамұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының тиімді даму басымдықтары
1131
20 Сәуір 2021
«Самұрық-Қазына» қоры Стратегияны іске асырудың және инвестициялық холдингтің үлгісіне көшудің басым бағыттарын ұсынды.
Бүгін, 20 сәуірде портфельдік компаниялар басшылығымен өткен кеңейтілген отырыста «Самұрық-Қазына» тобы қызметінің мәселелері, сондай-ақ Қорды басқару жөніндегі кеңес төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Үкіметінің тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қор жұмысының негізгі басымдықтары - тұрақты даму және инвестициялармен таныстырды.
ESG қағидаттарына көшу (қоршаған ортаға, адамдарға қамқорлық көрсету және корпоративтік басқарудың озық практикасы) шығарындыларды азайтуды, энергия тиімділігін арттыруды, ЖЭК дамытуды және портфельдік компанияларды декарбонизациялауды қамтамасыз етеді.
Омбудсмен институтын күшейте отырып, адами капиталдың өсуіне – өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды, әлеуметтік тұрақтылықты жақсартуға басым көңіл бөлінді.
Әлемдік экономиканың трендтерін және инновациялық даму қажеттілігін ескере отырып, ғылыми-қолданбалы зерттеулер орталығын, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Электр энергетикасы, мұнай-газ және тау-кен секторындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыру ерекше бақылауға алынған.
Портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыру шеңберінде жүйелі негізде цифрлық трансформация бағдарламасы іске асырылатын болады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов БАӘ Инвестициялар министрінің ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов АҚШ Президентінің Оңтүстік жән...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары мемлекеттік наградалармен марапат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Energy International Gro...