«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА 50 МЛРД ТЕҢГЕ ЖІБЕРДІ
836
24 Маусым 2020
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның SPO-дан түскен 50 миллиард теңгені Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 3 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқару Кеңесінің отырысында, Ұлттық холдингтің 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жіберуге дайындығы туралы мәлімделді. Кеңес төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, оның дағдарыс кезіндегі ерекше маңыздылығын атап өтті.
«Қор басшылығының уақытылы қабылдаған шешімдерін оң бағалаймын және қолдаймын. Олар өздерінің тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдауға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлді. Алайда, бұл жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жібереді », - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
«Самұрық-Қазына» Қорының басшылығы елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, қаражаттың бірінші бөлігін Ұлттық қорға мерзімінен бұрын жіберуді ұйғарды. Қалған соманы «Самұрық-Қазына» ағымдағы жылдың соңына дейін жіберуді жоспарлап отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов АҚШ Президентінің Оңтүстік жән...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары мемлекеттік наградалармен марапат...
{{ $t('messages.news1') }}
Жетісу облысында «Талдықорған–Үшарал» магистральді газ құбырының құрыл...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Energy International Gro...