Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
793
28 Мамыр 2020
Мемлекет басшысына компаниялар тобындағы қазіргі ахуал туралы баяндалды. Ахметжан Есімовтің айтуынша, дағдарыс пен карантин кезеңі басталғалы бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген.
Қор мен компаниялар тобының қаржылық орнықтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларына азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көлемі 1 миллиард доллары болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды.
Қор Қасым-Жомарт Тоқаевтың сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы өтеді
{{ $t('messages.news1') }}
Алты айда «Самұрық-Қазына» тобының 12 мыңнан астам жұмысшысы арнайы оқ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Қазақстандағы е...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Samruk United құрамасын мерейтойлық Спартакиа...