Самұрық-Қазынаның жекешелендіру бағдарламасының арқасында зейнетақы қоры 21 миллиард көлемінде табыс тапты
729
26 Қыркүйек 2019
«Самұрық-Қазына» қоры Үкімет бекіткен ауқымды жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Yellow Pages қағидаларына сәйкес 89 кәсіпорын бәсекелестік ортаға берілді және одан 192 миллиард теңге көлемінде табыс түсті. Бұл туралы «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық өсу» пленарлық отырысы барысында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Қор басшысы жекешелендірудің міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық корын толықтыру, корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін енгізу, сондай-ақ ашықтық пен есеп берудің әлемдік стандарттарын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.
Ахметжан Есімов өз сөзінде 2018 жылдың қараша айында IPO аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран компаниясының 15% акциясының орналастырылуы сәтті өткенін атап өтті. Инвесторлардың бірі болған Ұлттық банк БЖЗҚ қоржынына 150 млн доллар сомаға компанияның бағалы қағаздарын сатып алды. Бүгінгі таңда осы мәміле аясында БЖЗҚ табысы 21 млрд теңгені құрады.
«Энергетика, телекоммуникация және инфрақұрылым саласындағы Қордың ұлттық сегіз компаниясын IPO-ға шығару жоспарланып отыр. Зейнетақы қорының табысы 21 миллиард теңгені, ал Ұлттық қорға түсетін түсім 168 миллард теңгені құрады »,- деді А.Есімов.
Қор төрағасы өз сөзінде әлемдегі жетекші уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на тоқталды. 2018 жылы компания акцияларын алғашқы орналастырылу сәтті өтті. Орналастырудан кейін компанияның нарықтық құны 3-тен 4 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ инвестиция көлемі 30 млрд. теңгені құрайтын дайын өнімді шығаруға бағытталған атом электр станцияларына жылу бөлетін құрастырмалар өндіретін жобаны іске асырып жатыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қол...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 нысанын жаңғы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ Қастеев атындағы Ұлттық музейді жаңартуға 994 млн ...