Ахметжан Есімов hr-qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының жұмысын бағалады
1220
16 Сәуір 2019
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов HR Qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты (ЖҚО).
Тараптар ЖҚО мүмкіндіктерін бағалап, бірыңғай қызмет көрсету орталығын енгізудің артықшылықтарын талқылады және орталықты дамытудың болашақ жоспарларымен танысты. Өз кезегінде, қала әкімі Қордың еліміздегі ең ірі ЖҚО-ны іске қосу бойынша тәжірибесіне қызығушылық танытты.
Айта кеткен жөн, ЖҚО кадрлық бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыру, HR-қызметтіне жұмсалатын шығындарды төмендету және еңбек ету барысын тиімді ұйымдастыру арқылы компанияларға өздерінің негізгі қызметіне негізделуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде ЖҚО Қордың компаниялар тобын кадрлық іс қағаздарын жүргізу, жалақы төлеу, сыртқы оқытуды әкімшілендіру, шетелдік жұмыс күшіне ақпараттық қолдау көрсету, қызметкерлердің аутстаффингі және байланыс орталығы бойынша қызметтер көрсетеді. Жобаның аясында Қор компаниялар тобының 13 мыңға жуық қызметкері қамтылған.{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов AZCON Holding басшылығымен кездесті