Сандықбаев Болатқан Айтқожанұлы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.
1447
28 Қараша 2018
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып Болатқан Сандықбаев тағайындалды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А.С. Есімовтің 2018 жылғы 27 қарашадағы бұйрығымен Болатқан Сандықбаев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды»,- деп жарияланды компания веб-сайтында.
Болатқан Айтқожанұлы Сандықбаев 1960 жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірді.
Басшы қызметте еңбек тәжірибесі мол. «Қорғас» ШЫХО» АҚ Вице-президенті, «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ Президенті сияқты қызметтерді атқарды.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тобына кіретін «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Бас директоры болып істеді.
Сондай-ақ, «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылғы 27 қарашадағы шешімімен Арман Жетпісбай «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Бас директоры лауазымына тағайындалды.
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna»: спорт ...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуге жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әз...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуде қазақстандық делегация Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік ми...