«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Fortebank» АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд. теңге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті.
944
01 Қазан 2018
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Fortebank» АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд. теңге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті. Тараптар бұл келісімді Елбасының экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру және қор нарығын дамыту бойынша іс-шараларды қабылдау тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасады.
Бұл келісімге сәйкес банк Қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теңгеге паритетті негізде қаржыландырады. Оның ішінде Қорға 75 млрд теңге, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 200 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы 3 тамызда биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында алдын ала айтылды.
Қор «ForteBank»-тегі ахуал тұрақты және Банктің өтімділік деңгейі Қор тобына жарияланған көлемде қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді деп санайды. Бүгінде келісім аяқталу сатысында.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...