Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына «Самұрық Қазына» АҚ биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндады
784
16 Тамыз 2018

Қазақстан Президенті «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.
«Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен Қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде, холдингті трансформациялау ісі жалғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін «Қазақтелеком», «Air Astana» және «Қазатомөнеркәсіп» компанияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз», – деді Ахметжан Есімов.
Нұрсұлтан Назарбаев Қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті.
Соңында Мемлекет басшысы «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың Қазақ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: 2025 жылдың қорытын...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында Жастар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Францияның TotalEnergies басшылығы энергетика, мұ...