Fitch «Самұрық-Қазына» рейтингілерін «ВВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»
908
27 Сәуір 2018
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингілерін шетелдік және ұлттық валютада «ВВВ» деңгейінде «Тұрақты» деген болжаммен растады. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұлттық шкала бойынша рейтингісі «ААА(kaz)» деңгейінде расталды.
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» АҚ-ны компаниялар қоржынын басқаратын, оның ішінде құрамына Қазақстанның стратегиялық кәсіпорындары кіретін мемлекеттік инвестициялық холдинг ретінде бағалайды. Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ бағалау кезінде Қордың ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы, бейінді емес активтерді жекешелендірудің мемлекеттік агенті ретінде рөлі ескерілді.
Fitch Қазақстанның экономикалық даму мен әртараптандыру саясатын жүзеге асыруда «Самұрық-Қазына» АҚ аса маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.
Fitch Ratings талдамалық есебінің толық мәтіні 2018 жылғы 27-ші сәуірде жарияланды: https://www.fitchratings.com/site/pr/10028164
Атап өткен жөн, 2018 жылғы 19 сәуірде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесте 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы және жаңартылған Трансформациялау бағдарламасы бекітілді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...
{{ $t('messages.news1') }}
«Ақтас Энерджи» ЖШС мен Marubeni Corporation арасында негіздемелік кел...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Өңірлік экологиялық саммит аяс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» донор күні өтті