«ҚазИнж Электроникс» компаниясы 1,3 млрд теңгеге сатылды
886
06 Наурыз 2018
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚазИнж Электроникс» ЖШС 1 300 400 мың теңгеге сатылды.
Электрондық аукцион www.gosreestr.kz алаңында өтті. Оған қатысушылар үшін кепілдік жарна 72 150 000 теңгені құрады.
«ҚазИнж Электроникс» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары – радиоэлектроника және байланыс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, арнайы мақсаттағы техниканы шығару және жаңғырту, дербес компьтерлерді, ұйымдастыру техникасына жинақтаушы материалдарды шығару. Сатып алу-сату шартына сәйкес компанияның жаңа қожайыны активті сатып алған уақыттан бастап 24 күнтізбелік ай ішінде оның жұмыс бағытын және жұмыс орындарын сақтауы тиіс.
«Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 215 активті бәсекелестік ортаға шығарады.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...