«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның негізгі энергетика нысандарын тексерді

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның негізгі энергетика нысандарын тексерді

2633

05 Желтоқсан 2022

Демалыс күндері «Самұрық-Қазына» қорының Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов Қорға қарасты компанияларға тиесілі Қазақстандағы ірі энергетика нысандарын аралады.

Екібастұздағы станциялар қосымша жүктемеге дайын

Екібастұздағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 электр станциялары Қазақстандағы электр энергиясының төрттен бір бөлігін (шамамен 4500 МВт) өндіреді. Екі нысан да «Самұрық-Қазына» тобына кіреді. Энергетиктердің айтуынша, станциялар әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайға байланысты екібастұздықтар электр жылытқыштарын жаппай пайдалануда, сондықтан қалада электр энергиясын тұтыну екі есе өсті. Станциялар жүктемені толығымен көтереді, бұл олардың жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ. Ернат Бердіғұлов станциялардағы жылу көмірінің қорына назар аударып, оның уақытылы жеткізілуін ерекше бақылауды тапсырды.
 
«Біз бүкіл ел бойынша жылыту маусымының қиындықтарына куә болып отырмыз, сондықтан қосымша тексерулер жүргізіп жатырмыз. Біздің станциялар қосымша жүктемелерге дайын деп айта аламын.

ГРЭС-1 де, ГРЭС-2 де жабдық қалыпты режимде жұмыс істейді. Жүйелік оператор көрсеткен жүктемелер толығымен орындалды. Жөндеу науқандарының барысымен және инвестициялық жобалардың: ГРЭС-1-де №1 энергоблокты қалпына келтіру және ГРЭС-2-де №3 жаңа энергоблоктың құрылысының іске асырылу жағдайымен таныстық», - деді ол.

Апат болған алғашқы күннен, яғни 27 қарашадан бастап ГРЭС-1 және ГРЭС-2 (әрқайсысында шамамен 1,5 мың адам жұмыс істейді) жұмысшыларының едәуір бөлігі оның салдарын жою үшін қалаға жіберілді. Энергетиктер қатып қалған жылу магистралін жылытып, бұзылған жерлерді қалпына келтіріп жатыр. Екі станция да мамандар жіберумен ғана шектелмей, техникалар, станоктар, құбырлар, азық-түлік, жылу пункттерімен қамтамасыз етті. ГРЭС еріктілері үй-үйді аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға қажетті көмек жеткізумен айналысып жүр. Сондай-ақ компаниялар жылусыз қалған үйлердің тұрғындары жылынып, түнейтін арнайы бөлмелер дайындады.  

Алматыда энергия тұтыну рекорды тіркелді

Ернат Бердіғұлов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы энергетика кешеніне де барды. Ол үш кәсіпорыннан тұрады: «Алматы электр станциялары» (энергия өндіру), «Алатау жарық компаниясы» (энергияны тасымалдау) және «АлматыЭнергоСбыт» (энергия тарату). Олар бірігіп Алматы агломерациясының 4 миллион тұрғынының 76 пайызын жылумен, 60 пайызын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Энергетиктердің айтуынша, биыл орташа есеппен электр қуатын тұтыну мен желіге түсетін жүктеме 2021 жылғы көрсеткіштерден 6,5 пайызға артып отыр. «Осыдан екі апта бұрын, 28 қарашада Алматының энергетика орталығында абсолютті рекорд максималды жүктеме 1696 МВт құрады. Барлық техника қалыпты режимде жұмыс істеді, бұл суық мезгілдің өтуіне жоғары дайындықты көрсетеді. Оның үстіне желілік жабдық үшін айтарлықтай резерв бар. Кәсіпорындар нормативті отынмен қамтамасыз етілген», - деді Ернат Бердіғұлов.

Ол алматылық мамандарды Қазақстанның басқа қалаларындағы (Жезқазған, Степногорск, Шахтинск, Өскемен) жылу электр станцияларына жіберіп, станция жабдықтарын барлау жұмыстарына көмектесетініне уәде берді.