«Самұрық-Қазына» және француздық Total Eren Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады
2398
29 Қараша 2022
Қуаты 1 ГВт жел электр станциясы 2026-27 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайдалануға беріледі. Бұл біздің еліміздегі ЖЭК объектілерінің жиынтық генерациясын шамамен 50%-ға ұлғайтады. Станцияның құрылысын «Самұрық-Қазына» Қоры, «ҚазМұнайГаз» және қарыз капиталының қатысуымен француздық Total Eren қаржыландырады. Жобаның алдын – ала құны-1,9 миллиард доллар.
Жобаның бірегейлігі Қазақстанда алғаш рет жаңартылатын электр станциясы электр энергиясын жинақтау жүйесімен толықтырылатын болады. Бұл жаңартылатын генерацияның табиғи тербелістерін тегістеуге, артық электр энергиясын жинақтауға мүмкіндік береді, ал бұл энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы келісімге бүгін Парижде «Самұрық-Қазына» (20%), «ҚазМұнайГаз» (20%) және Total Open (60%) арасында қол қойылды. Құжат бірлескен кәсіпорынды құрудың негізгі шарттарын, қатысу үлесін, мәмілені жүзеге асыру мерзімдері мен нысанын, қаржыландыру көздерін және т. б. ресімдейді.
Қол қою Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында өткен Қазақстан-француз инвестициялық дөңгелек үстелінде өтті. Құжатқа «Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сәтқалиев, «ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиев және Total Open атқарушы вице-президенті, бизнесті дамыту жаһандық бөлімінің басшысы Фабиен Демол қол қойды.
Атом өнеркәсібі
Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» мен француздық Assystem компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ол Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша кадрлар даярлау және техникалық кеңес беру мүмкіндігін көздейді.
«Қазатомөнеркәсіп» және Orano Mining атом станциялары үшін отын өндіретін уран кенін өндіру кезінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Мұнай-газ химиясы және жаңа локомотивтер
Сонымен қатар, қазақстандық делегация басқа да ірі француз компанияларымен кездесті. Келіссөздер қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» мұнай-газ химиясы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - Air Liquide-пен ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
QazaqGaz Technip Energies, MEDEF International және France Hydrogen компанияларымен келісімдерге қол қойды. Тараптар көміртегі ізін азайту шеңберінде газды қайта өңдеу, энергетикалық ауысу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы, сондай-ақ "QAZAQGAZ ҒТО" ғылыми-техникалық орталығының базасында газды қайта өңдеуде тәжірибе алмасу және газ саласындағы құзыреттерді күшейту туралы уағдаласты.
ҚТЖ басшылығы Société Générale банкімен Alstom вагон жасау компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшарт туралы келісім жасады. Құжатқа сәйкес, ALSTOM компаниясы 2023-2029 жылдар кезеңінде қазақстандық зауытта ТМД өндіреді және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 245 электровоз жеткізеді. Келісімге ҚТЖ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен Société Générale корпоративтік бизнес және кеңес беру бағытының басшысы Денис Стас де Ришель қол қойды.
Келіссөздерге басқа да көптеген танымал француз компаниялары қатысып, Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Олардың арасында Airbus және Safran (авиация), Vicat және Saint Gobain (құрылыс), Orano (атом өнеркәсібі), Thales (электроника), Soufflet Group және Lastalis (ауыл шаруашылығы), BPI France (банк)бар.
Анықтама:
Total Eren - Total Energies компаниясының жаңартылатын энергиямен айналысатын еншілес кәсіпорны. Компания қазірдің өзінде Қазақстанда екі күн электр станциясын салуда: Қызылорда облысында қуаты 28 МВт және Жамбыл облысында 100 МВт.
Assystem - Парижде (Франция) орналасқан тәуелсіз инженерлік топ. Ол энергетикалық және өнеркәсіптік нысандарды жобалау, құрылысты қадағалау, пайдалануға беру және пайдалану қызметтерін ұсынады. Бүгінгі таңда Assystem Франция, Финляндия және Қытайда АЭС реакторларын салу жобаларына қатысады. Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясы аясында Assystem ядролық қауіпсіздік үшін маңызды нысандардың құрылысын қадағалайды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыстарды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының т...
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...