«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы Германиямен ынтымақтастықты кеңейтуде
841
31 Қазан 2022
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының құрамында Германия Сыртқы істер министрлігінің, Германия экономикасының шығыс комитетінің, Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің, «GP Günter Papenburg AG», «Lufthansa», «Knauf Gruppe», «Svevind Energy» және «Goldbeck» компанияларының басшылығы бар неміс делегациясымен кездесуі өтті .
Кездесуге сондай-ақ «Возрождение» қазақстандық немістер қоғамы» қоғамдық қорының төрағасы, мәжілісмен Альберт Рау, сондай-ақ Қазақстанның ГФР-дағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Тараптар Транскаспий көлік бағытын дамыту, минералды шикізатты өндіру және өңдеу, жасыл технологиялар, шағын және орта тонналық химия және т. б. сияқты жаңа бағыттар бойынша қалыптасқан екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін және экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын атап өтті.
«Біздің ынтымақтастығымызға жаңа бағыттарды, соның ішінде көлік және логистика салаларын дамытуға ерекше мән беріледі. Сіздің сапарыңыз біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға айтарлықтай серпін береді деп ойлаймыз. Қор бірлескен жобаларда серіктес және бірлескен инвестор болуға дайын», - деп атап өтті Қор басшысы.
{{ $t('messages.news1') }}
5 000 қатысушы және әлемдік финалға жолдама
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын н...
{{ $t('messages.news1') }}
7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...