«Самұрық-Қазына» қорының Қазақстан экономикасындағы үлесі 5%-ға дейін азаяды
1111
15 Қыркүйек 2022
«Самұрық-Қазына» қоры Президенттің таяудағы Жолдауына сәйкес Қордың 2032 жылға дейінгі жаңа даму стратегиясының жобасын әзірледі. Қордың Қазақстан экономикасындағы үлесін 2032 жылға қарай 5%-ға дейін азайту жоспарланып отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен баспасөз брифингінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
«Басты мақсат – адал бәсекелестікті дамыту. «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық емес активтері экономикалық жағынан орындылығы мен тиімділігіне қарай біртіндеп шығарылатын болады", - деді А. Сәтқалиев. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры біртіндеп инвестициялық холдинг моделіне ауысып, портфельдік компаниялардағы үлесін қысқартатын болады.
Сонымен қатар, Қор бүкіл компаниялар тобының алдына таяудағы 10 жылға бірнеше нақты міндеттер қойып отыр:
● Қордың таза активтерінің жалпы құнын 2 есеге арттыру;
● Еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру;
● Таза көміртегінің әсерін 10%-ға төмендету;
●ESG рейтингі бойынша әлемнің үздік компанияларының нәтижелеріне қол жеткізу (50 персентиль).
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...
{{ $t('messages.news1') }}
«Ақтас Энерджи» ЖШС мен Marubeni Corporation арасында негіздемелік кел...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Өңірлік экологиялық саммит аяс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» донор күні өтті