«Самұрық-Қазына» АҚ Шелек дәлізінде жаңа жел электр станциясын іске қосты

«Самұрық-Қазына» АҚ Шелек дәлізінде жаңа жел электр станциясын іске қосты

610

12 Қыркүйек 2022

Бүгін ЖЭК әлеуетін дамыту үшін бірегей өңір Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын ресми іске қосу рәсімі өтті.

Іс-шараға басқарма төрағасы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серік Түйтебаев, сондай-ақ «PowerChina Resources Ltd» қытай компаниясының президенті Чжун Хэйсян және ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулының орынбасары И.Люй қатысты.

Жаңа ЖЭС жылына 226 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Станцияға әрқайсының номиналды қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикасының қондырғысы кіреді. Қосалқы станция, ілеспе инфрақұрылым салынды, әуе электр тарату желілері жүргізілді. Әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі «GoldWind» компаниясының түрлендірілген жел турбиналары орнатылды. Жобаның құны 37,4 млрд теңгені құрайды.

Іс-шара аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен «PowerChina Resources Ltd» компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол ЖЭС қуатын 300 МВт-қа дейін ұлғайта отырып, жобаның екінші фазасын іске асыруды көздейді.

«Самұрық-Энерго» АҚ сарапшылары, Алматы мен Алматы облысында бүгінде жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарға қарамастан, энергия тапшы өңір болып табылатынын атап өтті. Облыстың электр энергиясына мұқтаждығының 50%-ын ғана меншік энергия көздері жабылады, ал тапшылық сыртқы энергия өндірушілерден толтырылады.

«Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары қарсаңында, біз «PowerChina» компаниясымен бірлесіп, ірі жоба – жел электр станциясын іске қосамыз. Шелек дәлізіндегі ЖЭС жобасы ҚХР-мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және баламалы энергия көздерін дамыту мәселесіндегі бүгінгі таңда өзекті табысты әріптестіктің тағы бір үлгісі болатынына сенімдімін. Қуаты 60 МВт болатын, әрі қарай 300 МВт дейін кеңейтілетін Станция Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс өңірлерін таза электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев. 

Өндірістік сипаттамалардан басқа, жоба өзінің экологиялық құрамдас бөлігі үшін маңызды. Электр станциясын салу және іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна шартты отынның орнын басады.

«Алматы облысында «жасыл» электр энергиясын өндіру үшін табиғи мүмкіндіктер көп. Күн мен желдің әлеуетінен басқа, Самұрық-Энерго гидроэнергетиканы дамытуға ерекше назар аударады, бұған Мойнақ CЭС-ін салу бойынша аяқталған жоба дәлел. Компания портфелінде жаңа су электр станцияларын салуға қатысты бірқатар жобалар бар. Атап айтқанда, Іле өзенінде Кербұлақ СЭС-ін, Шелек өзенінде СЭС-29 контрреттеушін салу, АлЭС СЭС каскадын қайта құру және жаңғырту», - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2022 жылғы шілдеде Қазақстанда барлығы 142 ЖЭК объектісі жұмыс істейді. Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 322 МВт болатын 8 объект пайдалануға берілді. 2022 жылдың соңына дейін жалпы қуаттылығы 153 МВт болатын 
13 объектіні іске қосу жоспарлануда.

Анықтама үшін: Power Construction Corporation of China Limited (Power China) — Қытайдың ірі жобалау және құрылыс компанияларының бірі (елдің жүз ірі компанияларының және әлемнің 500 ірі компанияларының құрамына кіреді). ҚХР Мемлекеттік кеңесінің шешімімен 2011 жылы құрылған, акцияларының бақылау паркеті SASAC тұлғасында мемлекетке тиесілі, штаб-пәтері Пекинде орналасқан. 
Power Construction Corporation of China энергетикалық және көлік объектілерін (су электр станциялары, жылу, жел және күн электр станциялары, электр желілері мен қосалқы станциялар, теміржолдар, автомагистральдар, порт және тазарту құрылыстары) жобалау мен салуға маманданған, сондай-ақ энергетикалық жабдықтарды шығарумен және монтаждаумен, консалтингпен, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялармен, қаржылық қызметтермен және инвестициялармен айналысады.