Қарапайымдылық, адалдық және ашықтық біздің корпоративтік мәдениетіміздің негізгі элементтеріне айналуы тиіс, - деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы
1083
19 Шілде 2022
«Қорды реформалау аясында біз транспаренттілік пен есеп берушілікті негізгі басымдықтардың бірі ретінде анықтадық. Бұл корпоративтік мәдениетке де қатысты, яғни, біздің қаншалықты ашық екенімізге де қатысты»,- деді Қорды реформалау жөніндегі жоспарды іске асыру жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Алмасадам Сәтқалиев.
«Иә, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі Қор тобының қызметкерлеріне қолданылмайды. Бірақ біз квазимемлекеттік сектордың ең ірі өкілі, елдегі ең ірі жұмыс беруші болып табыламыз және ашықтық пен есеп берушіліктің мәлімделген қағидаттары аясында, қоғамның жіті назарындамыз», - деп атап өтті Қор басшысы.
«Қор миллион адамның төрттен бірінің жұмыс берушісі болып табылады. Олардың әрқайсысының кез келген деңгейдегі басшыға өзінің жеке мәселесі бойынша хабарласуға мүмкіндігі болуы керек. Ең бастысы: толық, сапалы түсінік алуы тиіс. Адамдарға өздерін тыңдап, түсінгені маңызды», - деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ре...
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» ба...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mitsubishi Heavy Industries президентімен кез...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы MUFG Bank басшылығымен кездесті