«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ-нда ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ-нда ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

554

28 Желтоқсан 2021


«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай Қор) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2021 ж. 27-ші желтоқсанындағы шешімімен және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы А.М. Сәтқалиевтың 2021 ж. 28-ші желтоқсандағы № 170-П Бұйрығымен Қоғамдық кеңестің келесідей құрамы бекітілді:

1. Болат Бидахметұлы Жәмишев – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы

2. Ольга Александровна Булавкина – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық жерлерді дамыту Комитетінің мүшесі

3. Ерлан Бияхметұлы Сайыров – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі

4. Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев – АХҚО жасыл қаржы Орталығының бас директоры, АХҚО Еуразия экономикалық комиссиясымен ынтымақтастық кеңсесінің басшысы

5. Ирина Лашкаровна Тәжібаева – ҚР Ұлттық Ядролық Орталықтың Атом энергиясы Институты директорының орынбасары, Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының атқарушы директоры

6. Алуа Серікқызы Жолдыбалина – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары

7. Ләззат Олжабайқызы Жүнісова – «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры

8. Марат Дүйсенбекұлы Әйтенов – «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі

9. Андрей Николаевич Кравченко – «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі

10. Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев – «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры