«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

680

14 Желтоқсан 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оның барысында Қор компаниялары тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. 

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 700 Жарлығына сәйкес, Үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалының Маңғыстау жол дистанциясының жөндеушісі Байғали Сатыбалды, Жем локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Рахметжан Байтанатов. Жамбыл вагон пайдалану депосында вагондарды қабылдаушы                     Талғат Болатов марапатталды. 

«Өзенмұнайгаз» АҚ жөндеу цехының жөндеуші-слесарі Талғат  Боранов «Құрмет» орденінің иегері атанды. 

Мемлекеттік наградаларды «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев табыстады. Қор басшысы құттықтау сөзінде тәуелсіздік алғалы еліміз шарықтап дамып, «Самұрық-Қазына» АҚ ел экономикасының қуатты драйверіне айналғанын тілге тиек етті. Енді Қор инновациялар, жауапты инвестициялар, өндірістегі тазалы және қазақстандықтардың әл ауқатын арттыру қағидаттарына негізделген қарқынды даму жолына бағыт алды.    

Қордың басқарма Төрағасы атап өткеніндей: «әрбір жұмысшы – мұнайшы, кенші, энергетик, байланыс маманы, ұшқыш болсын, осы адмадардың арқасында үлкен мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігі туды. Бұдан былай оларды барлық қолайлы жағдай жасауға тырысамыз», деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай жоғары мемлекеттік наградалармен «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының басшылары мен Қордың корпоративтік орталығының қызметкерлері марапатталды. 

Бұдан бөлек, салтанатты шара барысында «Үздік маман» корпоративтік байқауы қорытындыланды. Бұл дәстүрлі кәсіби байқау Қор компаниялары қызметкерлерінің арасында жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Портфельдік компаниялар үздік мамандарын таңдап, ақтық кезеңде оларға онлайн дауыс беріледі. Биылғы байқаудың нәтижесі бойынша бірінші орынды «Тау-Кен Алтын» АҚ балқыту және құю цехының басшысы Айдар Нұрланов иеленді. Екінші орынға «Интергаз орталық Азия» АҚ – ның маманы  Кирилл Колесниченко жайғасты, ал 3-ші орын иегері Дархан Шұбаев -  «Qazaq Air» АҚ әуе кемесіне желілік техникалық қызмет көрсету бөлімінің BI инженері.