“Самұрық-Қазына” компаниялар тобының 80% қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алды
1209
23 Қазан 2021
“Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің жаппай вакцина алу науқаны жалғасып жатыр. Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 22 қазандағы дерек бойынша, 219 615 адам екпенің бірінші компонентін алып үлгерген. Бұл дегеніміз, Қорға қарасты компаниялардағы барлық қызметкердің 80,6% құрайды.
Ал, 207 593 қызметкер коронавирусқа қарсы түгел егілді, яғни, вакцинаның екінші компонентін алып үлгерген. Бұл барлық жұмысшының 76,2% тең. Толық егілген қызметкердің бірі - Қазпошта компаниясының елордадағы сәлемдемелер супермаркетінде оператор-контролер болып істейтін Бақыт Уақбаева.

“Күн сайын өте көп адамды қабылдап, қызмет көрсетемін, сондықтан мен үшін вакцина өте қауіпті аурудан сақтанатын жалғыз жол. Бүгінге дейін вакцинаның екі дозасын алып үлгердім, енді ревакцинация туралы жаңалық күтіп отырмын”,-дейді Бақыт.
Ең көп қызметкерлер вакцина алған компанияның бірі - “Тау-Кен Самұрық” АҚ, бұл компания қызметкерлер мен медицина мамандарының арасында әңгіме орнатудың арқасында осындай көрсеткіштерге қол жеткізген.
Ал, жалпы, вакцинациялау қарқынының көрсеткіші бойынша компаниялардың үлесі мынандай болып отыр:
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қол...
{{ $t('messages.news1') }}
Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 нысанын жаңғы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ Қастеев атындағы Ұлттық музейді жаңартуға 994 млн ...