Дүниежүзілік энергетика апталығы/ XIV Еуразиялық KAZENERGY Форумында «Самұрық-ҚазынА» АҚ сессиясы

Дүниежүзілік энергетика апталығы/ XIV Еуразиялық KAZENERGY Форумында «Самұрық-ҚазынА» АҚ сессиясы

306

06 Қазан 2021

«Самұрық-Қазына» Қоры Дүниежүзілік энергетика апталығында «Көміртекті бейтараптық және энергетика адамзат үшін: Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы панельдік сессияның қос ұйымдастырушысы болды. 

Халықаралық іс-шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіліп отыр. KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан тарапынан ұйымдастырушы болып, қатарынан XIV Еуразиялық энергетикалық форумды өткізіп отыр.

Сессияның негізгі тақырыбы: энергетика саласындағы көміртек қалдықтарынан  арылу. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» көміртексіз дамудың Тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Ол Қорға кіретін портфельдік компаниялардың энергоауысу бойынша ұстанымын айғақтайды. 

Осы мәселе бойынша пікір алмасу үшін ірі қазақстандық және халырақалық компаниялар мен институттар - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, «MASDAR», «Air Products», «Shell Kazakhstan B.V.», «Exxon Mobil Kazakhstan inc» және Азия даму банкінің өкілдері шақырылған. 

Спикерлер жаңартылатын энергия көздері, сутек энергетикасы салаларындағы жобалар, көміртекті сақтау технологиялары жөніндегі бірлескен бастамалары мен «жасыл» қаржыландыру инструменттерін енгізудің басым бағыттағы бойынша пікір алмасты. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең-басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов атап өткеніндей, «Самұрық-Қазына» Қоры алдына қойған стратегиялық мақсат – парниктік газдар шығуын алдағы 10 жылдың ішінде 10% төмендету. Оған жету үшін кешенді шараларды іске асыру қажет. Бұл тек жаңартылатын қуат көздерін, сутек және көміртекті сақтау жобаларын жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар бұл процесстерді цифрландыру, қаржыландырудың жаңа тетіктерін дамыту және ең бастысы – экологиялық және қоршаған ортаға деген ұқыптылық мәдениетін қалыптастыру».  

MASDAR активтерін басқару және техникалық қызметтер жөніндегі директоры Мохаммад Әбделқадыр әл-Рамахи MASDAR компаниясы әлемнің 30 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Әзірбайжан және Армения елдерінде осы бағыттағы жобаларды іске асырып келе жатқанын тілге тиек етті. Қазақстанға келетін болсақ, жел энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың болағашағы зор деді ол. Әсіресе, желдің екпіні жоғары аймақтарда желгенераторларын, және Каспий жағалауында  жел электрстансасын салуға зор мүмкіндік бар екенін жеткізді. 

Exxon Mobil Kazakhstan басқароушы директоры Динеш Дж. Сивасамбудың айтуынша, «табиғи газда Қазақстанның заманауи қуат алу көздеріне көшуге зор ықпалын тигізе алады. Көміртектен арылу жолында республика билігі дәстүрлі энергетикадан таза, «жасыл» энергетикаға көшу барысында газ саласында реформа жүргізіп, «көпір» ретінде табиғи газды әлеуетін ескеруі тиіс, деді ол 

Сессия соңында қатысушылар жаһандық климаттық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекеттердің, трансұлттық компаниялар мен сарапшылардың және азаматтық қоғамның тығыз ынтымақтастықта әрекет етуі қажет деген ортақ мәмілеген келді.