Сауд Арабиясымен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары
1783
26 Қыркүйек 2021
"Самұрық-Қазына" АҚ-да бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестиция жөніндегі Министрі Халид Бин Абдулазиз Әл-Фалих бастаған делегациясымен кездесу өтіп, ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма Төрағасы Қор Сауд Арабиясы компаниялары және инвесторларымен серіктестікті нығайтуға әзір екенін жеткізді. Алмасадам Сәтқалиев атап өткеніндей, энергетика, тау кен, мұнай химия, сутек энергетикасы, өнеркәсіп пен аграрлық салалардағы инвестициялық жобалар ынтымақтастықты тереңдетуге сеп болады.
Қордың компаниялар тобы көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуге ерекше назар аударатынын ескерсек, Сауд компанияларының көмірсутек ресурстарын пайдалану тәжірибесі пайдалы екені сөзсіз. Оған қоса, геология мен ұңғыма бұрғылау саласындағы ғылыми ізденістер мен жетістіктерді және заманауи технологияларды игерудің бірлескен жобасы қос тарапқа да тиімді болмақ. Сауд Арабиясы Корольдігінің бизнес қоғамдастығына Қордың ірі компаниялары қосылған жекешелендіру Бағдарламасына қатысу ұсынылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтудың пайдалы әрі тиімді бағыттарын айқындады. Соның ішінде "жасыл" энергетика, тауарлар мен әуе тасымалының логистикасы, инарқұрылымды дамыту.
Инвестициялар жөніндегі Министр Халид Бин Абдулазиз Әл-Фалих екі ел арасындағы 30 жылдық тарихы бар іскерлік қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын тілге тиек етті. Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстан егемендігін 1991-ші жылдың 30 желтоқсанында алғашқылардың бірі болып мойындаған.
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 130-дан астам ин...
{{ $t('messages.news1') }}
Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында құны $ 15 милли...