«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанирялармен GR-саласында өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөліседі

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанирялармен  GR-саласында өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөліседі

643

16 Қыркүйек 2021

15 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялар үшін Үкіметпен өзара әрекеттесудің негізгі мәселелері бойынша алғашқы вебинар өткізді. Шара аясында GR- ұстанымдарының негіздерінен бастап, мемлекеттік органдармен әрекеттесудің заманауи жүйесі сияқты өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу көзделген. 

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен және Үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Әйтенов атап өткеніндей, мемлекеттік органдармен әрекеттесу – Қор қызметінің басым бағыттарының бірі. Себебі, компаниялар тобының өндірістерімен тығыз байланысады. «Самұрық-Қазына» қазір мемлекеттік органдармен өзара тиімді диалог орнатудың жаңа әдістерін игеріп, заманауи тәжірибені енгізіп жатыр. Соның арқасында Қор қызметкерлерінің жұмыс уақытының 30% үнемдейді.    

Үкіметпен өзара әрекеттесу Департаменті GR-ұстанымдары, мониторинг, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша бірнеше вебинар ұйымдастырып, шақырылған спикерлермен лекция оқытуды қолға алмақ.  

Алғашқы сессия шеңберінде вебинарға қатысушылардың назарына Үкіметпен байланысудың негізгі қағидаттары мен алгоритмдері, Қордағы ақпараттық GR-қамсыздандыру, мемлекеттік органдармен хат алмасуды қысқарту туралы ақпарат ұсынылды. Заң шығару жұмыстарына мониторинг жүргізу және Қордың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік органдарда сүйемелдеу мәселесіне ерекше назар аударылды. 

Вебинардың соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, шараға қатысушылар тәжірибесімен бөлісіп, құнды кеңестер алды.