«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты

«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты

44

16 Қазан 2026

«Самұрық-Қазына» АҚ өтінімдер кітабын қалыптастыруды сәтті аяқтап, жалпы сомасы 3 млрд юань болатын офшорлық юань облигацияларының (Dim Sum) дебюттік шығарылымын орналастырды. Айналым мерзімі 3 және 5 жыл болатын облигациялар Гонконг қор биржасында (HKEX) және «Астана» халықаралық биржасында (AIX) саудаға шығарылды.

Облигациялар екі траншпен орналастырылды. 2 млрд юань сомасындағы үш жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,15%-ды, ал 1 млрд юань сомасындағы бес жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,30%-ды құрады.

ljdqwdjни.jpg

Инвесторлар тарапынан түскен сұраныс орналастыру көлемінен үш еседен астам асып түсті. Бұл халықаралық инвестициялық қауымдастықтың қордың кредиттік сапасына және офшорлық юань нарығында Қазақстан эмитенттеріне жоғары қызығушылық танытып отырғанын растайды.

Мәмілеге Citi, Guotai Junan International, Standard Chartered Bank, Bank of China, China CITIC Bank International және ICBC (Asia) ұйымдары қатысты.

Тартылған қаражат «Самұрық-Қазына» қорының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталады.

Dim Sum облигацияларын орналастыру қордың қаржыландыру көздерін әртараптандыру және халықаралық инвесторлар базасын, соның ішінде халықаралық борыш нарығының қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі – офшорлық юань нарығындағы өтімділікке қол жеткізу арқылы кеңейту жөніндегі стратегиясын іске асырудағы кезекті қадам болды.

asjdasdи.jpg