Жаңаөзенде газ электр станциясының құрылысы аяқталды
62
25 Қараша 2026
«ҚазМұнайГаз» АҚ мен Италияның Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Маңғыстау облысында қуаты 120 МВт болатын газ электр станциясының құрылысын аяқтады.
Ол - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті энергетикалық кешеннің салынған екінші нысаны. Бұл – үш қуат көзі: күн (50 МВт), газ (120 МВт) және жел (77 МВт) энергиясын біріктіретін Қазақстандағы алғашқы жоба.
2026 жылы шілдеде станция өнеркәсіптік электр энергиясын өндіруді бастады. Бүгінде өндірілген электр энергиясының жиынтық көлемі 26 млн кВт·сағ-тан асты. Құрылыс жұмыстарының қарқынды кезеңінде 1000-нан астам адам жұмылдырылған.

Қазір қуаты 77 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін жалпы құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтап, алғашқы жел қондырғыларын орнату жоспарланып отыр. Жел электр станциясын 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.
Гибридті кешеннің алғашқы нысаны – қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясы (КЭС). Ол 2025 жылы қыркүйекте іске қосылды. Содан бері станция шамамен 93 млн кВт·сағ электр энергиясын өндірген.
Кешеннің барлық нысаны өнеркәсіптік пайдалануға берілгеннен кейін 77 тұрақты жұмыс орны ашылады. Электр энергиясының шамамен 35%-ы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілмек. Бұл көміртегі ізін азайтуға және ҚМГ өндірістік нысандарын сенімді электр қуатымен жабдықтауға мүмкіндік береді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғаз...
{{ $t('messages.news1') }}
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингтерін тұрақты болжаммен ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, «Самұрық-Қазына» АҚ Директ...
{{ $t('messages.news1') }}
Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылы...