Сеулде Қазақстан-Корея бизнес-форумы өтті
1085
17 Тамыз 2021
"Самұрық-Қазына" Қоры бүгін Сеулде өткен Қазақстан-Корея бизнес-форумының ұйымдастырушылары қатарында. Оның жұмысына екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы көлік құрастыру, тұрғын үй құрылысы, металлургия және ауыл шаруашылығы салаларында жалпы құны 1,5 млрд доллардан асатын 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарларымен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: "өңдеу өнеркәсібіндегі жоғары технологиялық өндірістер мен индустрия 4,0 техонологиялары біздің стратегиялық қызығушылығымызды тудырады. Оңтүстік Корея экономиканы цифрландыру және 5G желілерін енгізу саласында дүниежүзіне танылған көшбасшы", деп қадап айтты.
Президент жер қойнауын пайдалану, геологиялық барлау, баламалы энергетика, ядролық отын өндіру сияқты салаларда қазақ-корей ынтымақтастығының дамуы зор маңызға ие екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел жиынының модераторы - Коряның халықаралық сауда қауымдастығы KITA төрағасы Кристофер Ку. "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы, Корея Республикасының сауда, индустрия және энергетика министрі сөз сөйлеп, Samsung Electronics, Doosan Heavy Industries&Construction, Hyundai Engineering & Construction, Dongil Construction, Lotte Confectionery, BC Card, Seegene Medical Foundation, Korea Health Industry Development Institute (KHIDI), Dongkwang Trading Corporation и Kolon World Investment сияқты атақты компаниялардың басшылары баяндама жасады.
"Самұрық-Қазына" Қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев шараға қатысушыларға қазақ-корей ынтымақтастығының ұтымды жобалары туралы әңгімелеп берді. Атап айтсақ, Кореяның инвесторлары Қазақстанның ұлттық электр жүйесін жаңғыртуға сүбелі үлес қосып, шағын гидроэлектрстансалары мен электртарату желілерін, Атырау облысындағы мұнайхимия еркін экономикалық аймағының инфрақұрылымын салуға атсалысты.
"Самұрық-Қазына" Қоры басшылығының сөзінде болашақ инвестициялық серіктестіктің басым бағыттары айқындалды:
-Тау-кен саласындағы инвестициялық жобалар
-Қазақстанда пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу
-Жоғарытехнологиялық салалардағы серіктестік – телекоммуникация, соңғы буындағы байланыс технологиялары және интернет-платформалар
-Тұрақты даму, энергетикалық ауысу, өндірістік қауіпсіздік және өнеркәсіптік цифрландыру салаларындағы жобалар
-Оңтүстіккореялық компаниялардың стратегиялық инвестор ретінде "Самұрық-Қазына" Қоры активтерін жекешелендіруге қатысу
Бизнес-форум қорытындысы бойынша жалпы құны 1,7 млрд долларды құрайтын 34 келісімге қол қойылды. Соның ішінде 21-і коммерциялық шарттар және 13-і коммерциялық емес құжат. Осы келісімдердің арқасында жоғары тиімділік пен экологиялық тазалыққа негізделген кореялық технологиялдарды Қазақстанда әкеліп, енгізуге қол жеткізілді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...
{{ $t('messages.news1') }}
«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері...
{{ $t('messages.news1') }}
Маңғыстаулық жастар «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен колледждерде білім ...