Президент Премьер-Министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
1436
02 Тамыз 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.
Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.
Ұсынылған жобалар Батыс Қазақстан облысын сумен, өңірлерді газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna»: спорт ...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуге жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әз...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуде қазақстандық делегация Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік ми...