«Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобы қызметкерлерінің 50% COVID-19 қарсы егілді

«Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобы қызметкерлерінің 50% COVID-19 қарсы егілді

822

13 Шілде 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қызметкерлерді коронавирсқа қарсы жаппай егу шаралары жалғасып жатыр. 

Бүгінге дейін вакцинаны 138 405 қызметкер қабылдады, бұл жалпы Қор тобында еңбек ететін адамдардың 50,1% тең. 

Еншілес компаниялар ішінде вакцинацияланған қызметкерлердің статистикасы келесідей: 
- «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ – 66 951 (60%), 
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 18 595 (29,7%), 
- «ҚазТрансГаз» АҚ - 9 961 (78,9%), 
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 11 150 (58,4%), 
- «Самұрық-Энерго» АҚ – 9 524 (55,2%), 
- «Қазақтелеком» АҚ – 8 794 (42,7%), 
- «KEGOC» АҚ – 2 921 (63,2%), 
- «Қазпошта» АҚ – 7 966 (39,2%), 
- «Эйр Астана» АҚ – 1 460 (27,3%), 
- «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ - 590 (68,4%), 
- «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 278 (43,3%), 
- «Samruk-Kazyna Construction» АҚ - 65 (81%), 
- «QAZAQ AIR» АҚ - 33 (11,7%). 

Вакцинаның екінші компонентін 73​ 575 жұмыскер алып үлгерді (26,6%).

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы эпидемиологиялық ахуал жіті қадағалауда және басымдыққа ие. Қор қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің вакцинамен қамту – басты назарда.